Skip to main content
Өзіңнң Мульти-табмынды танда

ҚАЛАЙША ВУНДЕРКИНД БОЛУҒА БОЛАДЫ? (мектеп жасына дейінгі психологияның ерекшеліктері)

Аристотельдің теориясына сәйкес, адам дүниеге келе саласыменәлемді «таза парақтан»бастаптаныса бастайды. Оның білімінің жалғыз көзі – көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, түйсіну арқылысезгіштік тәжірибесі болады екен. Бұның айдан–анық екені белгілі десек те, заманауи ғылым бұған терең қарайды.

Тіпті анасының құрсағында жатқан нәрестенің өзібелгілі бір генетикалық әлеуетке ие боладыекен. Егер осы әлеуетті барынша тиімді жолмен дамытатын болсақ , сіз баланың табиғи қабілетін ашуда үлкен жетістіктерге жетеміз. Адамның өмірде көп нәрселерді жасауға қабілеттері келеді, бірақ ондай қабілеттерді адамның өзі білмей,бойындағы қабілеттері арқылы келетін мүмкіндіктерді пайдаланып үлгірмейтіні жасырын емес. Олай болса, осы мүмкіндіктерді , қабілеттерді ашуға не кедергі болады?

Анасының құрсағында жатқан бала жан-жағында болып жатқан нәрсені естіп,сезінеді. Олай болса, онымен сөйлесіп , оған ертегі оқып берген жөн болады. Туғаннан кейінгі бірінші айларда бала көп ұйықтайтын болады , содан-соң ақырындап сергек болу кезеңі басым болып, осы кезең алғашқы білім беруге қолайлы болады. Ата–аналар балалармен қаншалықты тез тіл табысса, соншалықты оның қымыл-қозғалыстары тез түзеліп, адамдар мен заттарды танып, ойнап, жүріп түсініп, бірінші сөздерін айтатын болады.

Медицина ғалымдарының айтуынша, алғашқы үш жылда ми жетіліп, содан кейін зымыран жылдамдықпен80% –ға дейін дамиды екен.Демек, бұл қарым-қатынас жасап, кітап оқып, ойнап, қоршаған ортаға балаңызбен бірге қарап,миға қорек беретін ең сәтті кезең болып табылады. Осы тану және шығармашылық қабілеттердің ашылып, мақсаттылық, табандылық және қоршаған адамдарға сенім секілді жақсы қасиеттердің қалыптасатын кезеңін жіберіп алуға болмайды Баламен қатысу кезінде оны баламенемес, үлкен адам қатысып отырғандай қабылдау маңызды болады. Балаңызды тым еркелетіп, оның тілінде сөйлеймін деп көп «былдырлай» бермеңіз. Ол тек тану процессін күрделендіре түседі.

«Ол әлітүсінбейді ғой! Ол әлі кішкентай!» – дейді аңқау ересектер. Шындығына келгенде олар өздерінің балаларын әлі танып болмайды. Көптеген ата-аналар мен ата-әжелер өздерінің стереотиптеріне сеніп алғаны соншалық , балаларға көптеген түрлі жаңа ақпараттарды беруге дайын болмайды. Солайша,баланың интеллектуалдық дамуын жаруға болатын қымбат уақытты жоғалтып алады.

Десек те, көп ата-аналар осы уақытты жіберіп алғысы келмей аталған кезеңде әріқарайбалаларының қабілеттері мен талантын ашып, жұмыс істей береді деп есептейік. Айтпақшылай, осындай белгілі вундеркиндертің бірі Моцартты ата-аналары ерте кезден музыкаға баулыған екен. Және осы жайт ерте кездегі бірегей қабілеттердің дәлелі бола алады. Біздің балалардың мүмкіндіктері Морцарттың замандастарына қарағандаәлдеқайда артық. Ақылды ойындар, тану телехабарлары мен интернет, саяхаттар, интерактивтік спектаклдер мен таңертертеңгіліктеросының барлығы таусылмайтын ақпараттың және практикалық дағдылардың көзі болады. Біздің уақытты ортаны тану қызықтыөтеді, сондықтан балалар барлығын тез танып, аз шаршайды

Дегенмен, ғылым,заманауи балалардыңақпараттардың артық болғанынан гөрі аз болғанынан қиналатынын көрсетті. Егер бала берілген тапсырманы оңай еңсерсе, қиын болатынынан қорықпастан әрі қарай жылжуға тырысып бағыңыз. Қиындықтарды еңсеруге ұмтылубалаларымыздың генетикасы негізде қаланған.

Десек те, кез-келген вундеркинд бала болып қалабереді және белсенді өсіп жатып, қамқорлық пен жақсы эмоцияларды қажет етеді. Ананың құшақтауы, әженің қызықты сөздері, баланың жетістігінен бірінші қуаныштар – бұны барлығы жәй эмоция емес , олар баланың жүйке жүйесінің қалыптасуына, демек,оның миыныңдамуына себеп болады. Қамқорлықты, өзіне деген назарды ала отырып және әлемді белсенді тани отырып, әрбір бала даму тұрғысынанөз ата-аналарынанәлдеқайда әрі болатын қадамдарды баса алады. Баланың виндеркинд немесе қварапайым ақылды болып өсуі маңыздыболмайды. Қандай жағдай болмасын, сіз оны мақтан тұтуға тиіссіз.

Десек те , балаңыздың қабілеттерін бұрынғыша ашу кедергі болмайды!

МУЛЬТИ–ПРАКТИКУМ

2-3 жасқа толғанда бала әлемді белсенді танып, оныойындарарқылы көрсетеді. Тура осы кезде балалардың табиғи қабілеттері пайда болып, белсенді дамиды.Осы кезде әр ата–анаға барынша байқағыш болып, балаға ненің оңай беріліп жатқанын және оның нені жақсы көріп орындайтынын байқау қажетболады. Егер сіз жылдам прогрессті сезінетін болсаңыз, онда табиға қабілеттер туралы сөйлесуге болады., Және,әрине олардыдамыту керек! Қалайша?

Ойнап көрелік!

Ойыншықтар театры

Ойыншықтар театры

Балаңызға Репка, Ряба тауық, Колобок туралы ертектерді жиі оқитын шығарсыз. Енді әрекет ететін кез келді!

Осы баршаға белгілі ертектерді балаңызбен бірге сахналап көріңіз. Алдымен, ойыншықтарды дайындап алайық. Мысалы, колобок, сары түсті, домалақ доп бола алады. Ал қалған Аю, қоян, түлкі секілді ойыншықтар балаңыздың қорабынан табылып қалуы әбден мүмкін. Ал колобокты жеп қойғысы келетіндерді ойлап табуға болады.

Ертегі спектаклде балаңыз қалауы бойынша әр түрлі жануарлардың немесе колобоктыңрөлін ойнай алады және сіз оны сомдауға көмектесесіз. Ойын кезінде сіз Балаға колобок ертегінің басқа кейіпкерлерінен қашқан кезде сары топты шелекке тура тастауға немесе түлкі колобокты жеп қойған кезде қолыңызға қарайқашуғакөмектесесіз.

Әуен ырғағы арқылы аяғыңызбен тебіне тұрып, «Колобок» әніне билеуге болады.

Осындайойын қиялды оятып, ритмді сезінуге және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға себеп болады. Сонымен бірге,бала актерлік және музыкалық қабілеттерін көрсетіп, оларды әрі қарай дамыта алады.

Кім қайда тұрып жатыр?

Кім қайда тұрып жатыр?

Бұл нәрсені дайындап қоюға үйрететін дамытатын ойын.

Мәселен, қызыл, көк, сары секілді үш түсті немесе түсті қағазбен желімделген шелекті алыңыз: Әр түрлі түсті қағаздан кесіп алынған жануарлардың, құстардың, адамшалардың фигураларын алдын-ала кесіп алыңыз және баладаносы жануарлар үшін дұрыс болатын үйлерді тауып беруін сұраңыз!

Бала өзі түсті атап, қандайфигурка екенін айтып берсін.

Осыойынныңбарысындабала кең ойлауды дамытып, заттардың түр-сипатын (пішін, түс, өлшем) зерттейді, санап, салыстырып, қоршаған әлемге бағдарлана алады.

Билейік!

Билейік!

Бұл, тіпті екі жастағы сәби бала билей алатынөте қарапайым би – ойын бола алады. Топ болып та билеуге болады! «Құламайтын қуыршақтар» әнін сала отырып,анасы төмендегі сөздерге қарапайымқозғалыстарды көрсетеді. Анам өз балаларына қарапайым қозғалыстарды көрсетеді:

Біз тәттіміз, құламайтын қуыршақпыз,

Құламайтын қуыршақпыз,

Жарқын жейделіміз,

Қозғалыстар: сұқ саусақтарды бетімізгебасып, басты шайқаймыз.

Айналамыз,

айналамыз,

айналамыз,

айналамыз…

Тышқандар қоршауға кіреді

Тышқандар қоршауға кіреді

Бұл аулада серуендеу кезінде таныс ата–аналар қосыла алатыннемесе баланың туған күнінде ұйымдастыруға болатын белсенді ойын.

Балалардың біріне «мысық» болып ойнау тапсырылса,басқаларының барлығы «тышқан» болады. «Мысық»көзін жұмып, ал «тышқандар» қоршауда айнала билеп, былай дейді:

Тышқандар айналуды бастап жүр,

Әккі мысық өтірік ұйқыда.

Тышқандар шуламаңдар,

Вася мысықты оятпаңдар,

Егер Васька мысық оянса –

Сендердің билеріңді бұзады!

«Тышқандар» тақпақтарын аяқтағаннан кейін «мысық» аңшылыққа шығады. Содан кейін ұстап алған бала«мысық» болады.

Балаларыңызбен мүмкіндігінше көп ойнап, сол кезде олардың таланттары анық ашылып, арта түседі!

2018-KAZ-MUL-13-V.1.0