Skip to main content
Өзіңнң Мульти-табмынды танда

БАЛАНЫҢ ОҚУҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІГІН ДАРЫТУҒА АРТТЫРУҒА БОЛАДЫ. АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС.

Адамдар кітап оқуды тоқтатқанкезде ойлауды да қояды.

Дени Дидро

Дүниеге келген алғашқы айлардан бастап сәбидің өз кітапханасы болуы керек жәнебала өскен сайын,кітапхана да жаңакітапшалармен толықтырылып отыруы тиіс. Кітаптар балаға жаңа, ғажап әлемді ашып,ойлау менсезіну қабілетін дамытады.

Алғашқы кітаптар көбіне ойыншықтарға ұқсас болады. Қарапайым суреттері бар қалың және жұмсақ беттерді тек көругеемес, соныменбірге шайнауға немесе қыржымдауға болады. Оларға ештеңеетпейді . Кішкентай кітапшалар арнайы қауіпсіз материалдардан , атап айтқанда,жеңіл пластиктен, арнайы пленкадан немесе матадан жасалған. Осындай кітаптарды ойлап шығарушылар моторикасы мен қимыл-қозғалыстары жеткіліктітүрдедамымаған балалардың кітап беттерін аударуынаоңайболатындай етіп шығарған. Бұрыштары жоқ жеңіл осындай кітаптар балаларды жарақаттай алмайды. Бұдан басқа, оны шаюға, тіптіжууға болады.

Бала өзінің алғашқы суреттерін қараған кезде анасы онда не бейнеленгенінайтып бере алады. Алдымен бұл әртүрлі түсті сары банан, жасыл құрбақа немесе ашық көк түсті шұлық секілдіқарапайым заттар болуы мүмкін. Өмірінің алғашқы айынан бастап заттардың формасымен, түстерімен танысып, ақырындап оларды тани бастайды.

Бала өседі және оның кітаптарындағы суреттер де әртүрлі жәнекүрделі бола бастайды. Ертегілердің және балалардың көңілін көтеретін мәтіндердің қысқаша үзінділері пайда бола бастайды. Кітапты оқып отырған кезде, баламен ойнауға тырысыңыз. Оған суреттегі ертегілердің кейіпкерлерін көрсетіп, содан кейіноның да оларды көрсетіп беруін сұраңыз.Әңгімені (ертегіні)кейіпкерлері жасайтын қимыл-қозғалыстарын көрсету арқылыоқып беріңіз. «Ладушкиды» айтып алақаныңызды шапалақтаңыз, «Сорока-белобока» туралы оқып, балаңызды ойынға тарту үшін саусақтарын бүгіңіз.

Егер бала кітапшалардың беттерін тез аударатын болса, қапа болмаңыз. Үлгіргеніңізше оқып көріңіз болмаса күлдіргі мәтінді жатқа айтып беріңіз. Уақыт өтегелі бала әр параққа ұзағырақ тоқтайтын болады және сіз оған«Репка», «Теремок», «Курочка Ряба», «Колобок» секілді шағын ертегілердің аяғына дейін оқып бере алатын боласыз . Кітаптардың баланың жасына қарайтаңдау маңызды болады.

Баланың назарын жақсы ұстауүшін құрбақа – «ква-ква», бұқа – «му-му», тауық – «ко-ко-ко» секілді әр кейіпкерлерге тән түрлер мендыбыстардысалып, ертегіні мән-мағынасымен оқыпберуге тырысыңыз . Баланы күлдіртіп көріңіз, содан кейін оған ертегінітыңдау ұнап қалуы мүмкін. Кітаптардың бала үшін жақсы эмоцияларды тудыртатыны маңызды болады, ол тек жақсы эмоцияны алғаннан кейін ғана сол ертегіні тағы оқып беруді сұрайтынболады.

Баланың қызығушылығын тудыртпаған кітапты балаға тыққыштап әуре болмаңыз. Бұлайша тырысумен тек баланың оқуға деген қызығушылығын басып тастайсыз. Баланың кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту үшін әр жаңа кітаппен танысуды мерекеге айналдырыңыз. Бұл мүлдемқиын емес!

Барлығы балалардың ойыншықтар дүкеніне қалай кіргісі келетінін жақсыбіледі. Олай болса, балаларды тура сондай көңіл-күймен кітап дүкенінекіруге баулыңыз. Кітаптың жарқынмұқабалары «Балалар әлемі» сөрелерінде тұрғанмашинкалар мен қуаршақтардан кем болмайтын шаттық әкеледі. Себебі, ондаәрдайым ашып, білгің келетін ғажап әлем болады. Балаға өзіңізге ұнайтын ертекті ұсынып көріңіз, егер ол ертектен бас тартатын болса, оған кітаптытаңдау мүмкіндігін беріңіз. Кітап дүкеніне бару бала үшін қызық болуға тиіс.

Бір жастан бастап баламен біргеәріптерді белсенді түрде үйренуге болады. Түрлі түсті әріптердің жинағы кез–келген ойыншықтар дүкенінде болады. Десек те,алфавитті ашық түсті кубиктермен немесе соларға сәйкесетін суреттерібар карточкалармен үйренуге болады. Егер сіз суретсала алатын болсаңыз, бұндай карточкалардыөз қолыңыздан жасасаңыз болады.

Әріптер мен буындарды білетін бес жастағы балаға өз бетінше оқуды үйрету қажет болады. Осы тәсілдің бірі мынау болып табылады! Мысалы , сіз ертекті оқып отырып,ең қызық жеріне келгенде ,көзім шаршады деп, тоқтап қаласыз дабалаңыздың бір сөйлемді оқып беруін өтінесіз. Балаөтінішіңізді орындағаннан кейінкөзім демалды деп оқуды жалғастыра берсеңізболады.

Егер бала өз бетінше оқи алатын жағдайға келсе , оныәрі қарай мәжбүрлеп оқытуғатырыспаңыз. Бұндай жағдайдабала оқып жатқан мәтінінің мағынасынтүсінбей, тек техникалық немесе автоматты түрдеоқу дағдысын алуы мүмкін.Осыны болдырмау үшін баланың ертекті қайта айтып беруін сұраңыз.

Оқуға деген қызығушылықты туындатудың тағы да бір жолы – бұл үлкен бір қызық кітапшаның тек бір тарауынкүні бойына «жалғастырып оқу» болып табылады . Бала келесітарауды оқуға асығып, кейде шыдамай өз бетінше оқи бастаса , бұлжақсы көрсеткіш болады.

Әрине, баланың оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастырудыңтиімді жолы – жеке мысал болып табылады.Балаға ересектер жасайтын қылықтардыңбарлығын қайталау тән болады. Сондықтан , балаата–аналарының жиі кітап оқып отырғанын көретін болса, олсоны қайталауға тырысады . Егер балаға сол кітапты оқу процессі ұнап қалатын болса,демек , бұлмақсатыңызға жеттіңіз дегенді білдіреді.

Бала күніңдеоқу – бір үлкен ойын секілді. Ертек ойыны, оқиғалар мен жұмбақ сөздер ойыны іспеттес. Сізге балалардың оқуға деген қызығушылығын оятатын бірнеше мысалдарды ұсынамыз.

№1 Ойын. ҚҰПИЯ ХАТ

№1 Ойын. ҚҰПИЯ ХАТ

Балағаойыншық сатып алып беріп, оны үйдің бір жерінде сырып қойыңыз. Осы ойыншықтың атынан қысқашы хат жазып, оны пошта жәшігіне салыңыз. Балаңызбен бірге сиқырлы хатты алып, оның оқып беруін сұраңыз. Хаттың жалпы мәтіні былай болуы керек: «Мен Миша деген қонжықпын. Мен сенің керуетіңде тығылып қалдым!»

Уақыт өтегелі мәтіндер ұзарып, ал ойын нағыз квестке айналуы мүмкін. Ойыншықтарды қалай табуғаболатындығы туралы ойға түсірулерібар бірнеше хаттарды бірден дайындап қойсаңыз болады..

Осындай хаттардың арқасында оқуға деген сүйіспеншілікті дамытып қоймай, сәбидің пайдалы әдеттерін қалыптастыруға болады. Мысалы, балаға қуыршақтың,қонжықтың немесе үйректің атынан «Бізбен ойнайтын болсаң, бізді қорапқа жинап қоюды ұмытпа » деген секілді ұжымдық хат жазуға болады.

№2. Ойын КӨҢІЛДІ ӘРІПТЕР

№2. Ойын КӨҢІЛДІ ӘРІПТЕР

Бір көргенде бірдей көрінетін сөздер жазылған карточкалардың,әр түрлі кейіпкерлердің суретін салып,орман-арман, қар-шар, кит-ит, т.с.с. секілді оңай сөздерді құрастырып, арасынан кейбір әріптерді әдейі тастап кетіңіз. Солайша, баладан сөздердің мағынасынтүсінікті болу үшін қашып кеткен әріптерді орнына қоюын сұраңыз.

№3. Ойын АДАМШАЛАР

№3. Ойын АДАМШАЛАР

Қағаз парағына күлкілі адамшалардың суретінсалып, олардың әрқайсысының астына Знаика, Почемучка, Куйсик, Пупсик секілдіқандай да бір қызық атауды жазып қойыңыз.

Ал, енді балаңыздан әр адамшаның атын сұрап, олардың атын оқуға көмектесіңіз.

Болашақта сіз осы кейіпкерлер туралы қысқаша әңгімелерді ойлап тауып,оларды өзіңіз жасаған кітапшаға, бүктемеге салып, баланың оқып беруін сұрасаңыз болады.

4-1

Оқиғалар жүйесі келесідегідей болуы мүмкін:

«Пупсик емізігін жоғалып алды. Вау–ау деп айқайға басты. Ол енді ол Пупсик емес, нағызКуксик болды».

«Тук-тук-тук! – деп тықылдайды тақалар, – Біз Кнопочкада сондай кереметпіз!»

Байқап көріңіз! Қолыңыздан келеді.

2018-KAZ-MUL-13-V.1.0