Skip to main content
Өзіңнң Мульти-табмынды танда

БАЛАЛАР ИНТЕРНЕТТЕ. ПАЙДА МАНЕМЕСЕ ЗИЯН БА?

article-2

Бүгінгі күнгі бір жасар баланың ұялы телефонды көргенде қолындағы ойыншықты тастай салатыны ешкімді таңқалдырмайды. Гаджетті анасынан қолынан тартып алып, алдымен Instagram-ға суреттерді қызықтапқарап шығады, содан соң дәмін білмек үшін аузына салып көреді.

Бұндай жағдайда анасыбаласына ойыншық телефонды алып беріп, өз телефонын әзер алып қалады. Бірақ бірнеше секунд өтпей жатып, баласы қайтадан мониторында жарқын суреттері бар мобильді телефонды алуға ұрынады. Енді не істейсіз., нетелефондытығып қоясыз, немесе бала ояу болған кезде «Қош бол,Instagram!» дей тұрасыз.

Балаларересектер секілді әрекет етіп, соларға ұқсап-бағуға тырысады. Сондықтан оларды да компьютерлер мен телефондар және керемет интернет-контенті бар планшеттерқызықтыратын болады. Уақыт өтегелі интернетке тек қызығушылық арта түсетін болады. Сондықтан,балаңыз экран бетін саусағымен кездейсоқ басып,қолайсыз бір нәрсені көріп қалмасын десеңіз, «отбасылық қарау»деп аталатын іздеу жүйесін күйге келтіріңіз.

Қауіпті контент – бұл балаларға Интернет қарауға тыйым салудың жалғыз себебі емес. Интернет сеансы кезінде баланың дұрыс отырмауынан дене мүсіні қисық өсуі мүмкін. Экран алдында ұзақ отыру баланың көзініңкөруін нашарлатып, күйзеліскежәне психиканың бұзылуына алып келуі мүмкін. Осы секілді аталған тізімді жаман жағынан жалғастыра беруге болады. Десек те, бүгінгі күніинтернетсізкүн жоқ.Себебі, оның пайдалы жерлері де баршылық.

Интернет арқылы баланы пайдалы дамытатын ойындармен айналыстырып, сүйікті фильмдері қаратуға және кітаптарын оқытуға болады. Дүниежүзілік желі үйден шықпай жатып, ой-өрісті дамытуға және достарды есіктің алдынан ғана емес, дүниежүзі бойынша табуға себеп болады. Интернет арқылы арнайы оқу бағдарламаларын пайдаланажәне шетелдік мульфильмдерді қарай отырып, шетел тілдерін оңай игеруге жәнеәр елдің түкпіріндегі достармен қатысып тұруға болады. Интернет арқылы мектеп рефераты үшін қажет болатын ақпараттарды дереу жинап алуға және жаңа түсініксіз сөздердің мәнісін мезетінде біліп алуға болады.Қанша айтқанмен Интернеттің жаңа өсіп келе жатқан буын үшін қажет екеніайдан-анық. Олай болатын болса, баланың денсаулығын сақтай отырып, интернеттен қалай бас тартпауға болатындығы туралы ойлану қажет болады.

Біз баланы стресстен (күйзелістен) қорғауүшін іздеу жүйелерін қауіпсіз режимге қою керек екенін ескерттік. Дәрігерлер3 жасқакелгенше бала үшін Интернетті пайдалану мүлде қажет жоқ деп санайды. Себебі,бұл жастағы балалар виртуалды әлемді шынайы әлемнен ажыратуға қабілетсіз болып, Интернет олардың қалыптаспаған психикасына қауіп болуымүмкін екен.

Бұндай стресстенжоғары жастағы балалар да сақтандырылмаған. Сондықтан,балаңыздың қарап отырған мониторын жиі барлап отырыңыз. Себебі, қосымша бақылау ешқашанартық етпейді. Оның үстіне бұлжәй ғанабақылауемес! Балағақажетті ақпаратты табуға көмектесіп, түсінбеген нәрсесін түсіндіріп, әрдайым оның мақсаты мен мүддесін біліп, сонымен бірге өз ой-өрісіңізді де арттырып отыратын боласыз.

2

Баланың ұзақ уақыт Интернет желісінде қалуы оныңдостарымен, ата-анасымен, айналасындағы әлеммен бірқалыпты жанды қарым-қатынаста болуына үлкен кедергі болатыны белгілі. Десек те, олтура осыәлемдеөмір сүріп, өсіп-өніп, бақытты болуы тиісболады. Ата-аналар Интернеттің ең басты мақсаты баланың санасын жаулауға емес, шынайы күнделікті өмірдеөзін жақсы тануға көмектесуге тиіс екенін түсінуі керек.

3

Енді , бірнеше қарапайым ережелерді сақтай отырып, қорғауға болатынинтернеттіңбастаушыпайдаланушысының физикалық денсаулығы туралы сөйлесейік:

  • Көздің көруін сақтау үшін мониторды көзден 25-40 см қашықтықта болуын қадағалау қажет.
  • Бұл ретте, интернет–сеанстың кезіндеәр 10-15 минут сайын үзіліс жасап тұру қажет болады. Бала көзін жазу үшінфокусты өзгертіп,қарсы беттегі үйдің терезесіне немесе әдемі ағашқа қарасын.Сонымен бірге,«көбелектіңқанаты» деп аталатынжаттығуды жасап, көбелек пыр-пыр етіп ұшып жүргендей, көзін ашып–жауып тұрсын.
  • Компьютерде өткізілетін уақыт шектеулі болуы керек. 3-5 жастағы балалар үшін монитордың алдындаотыру уақыты жарты сағаттан аспауға тиіс болса,кіші жастағы оқушылар үшін 1 сағаттан, жасөспірімдер үшін2 сағаттан аспауға тиіс.
4
  • Дене мүсіні үшін Интернетті қараукезіндебаланың аяғы мен қолыныңүстелмен орындықта тік бұрышпен бүгіліп тұрғанын тексеру қажет.
  • Балаларға дене мүсінін сақтау немесе оны түзеу үшіномыртқа қаңқасының бұлшықеттерін нығайтатынжаттығулар жинағын орындаукеңес етілсе,сәбилерге ойын түріндегігимнастикамен айналысу жөн болады.

Дұрыс дене мүсініне арналғанжаттығулар кешені.

5

«Ұшақтар» жаттығуы

Қолдарды екі жаққа созып, ұшып бара жатқанұшақты бейнелеп, еңкейіп оңға, солға бұрыламыз.Бұл денені қыздырып алу және балаларды кейінгі жаттығуларға дайындап алу үшін жақсы шынықтыру болады.

6

«Диірмен» жаттығуы

Алға қарай еңкейіп, қолдарымызды екі жаққа жібереміз.. Дене корпусын бұрып,диірмендібейнелейміз. Осыжаттығу омыртқаны созып, иық буындарын жаттықтырады.

7

«Балташы» жаттығуы

Аяқтардыиықтың деңгейінде қоямыз.Қолымызда балта деп елестетеміз. Балтаны сілтей отырып, алдымен бір жақпен, сосын екінші жақпен «шабамыз». Осылайша, біз кеуденіңбұлшық еттері мен бұлшықеткорсетін нығайтамыз.

8

«Балық» жаттығуы

Іштеп жатып, аяқ –қолымызды жоғары көтереміз және судағы балық секілді тербелеміз . Осылайша,омыртқаның бұлшықеттерін нығайтамыз.

9

«Иінағаш» жаттығуы

Таяқты алып, оны суы бар иінағаш ретінде елестетіп, иығымызға саламыз. Теңдікті сақтай отырып, бөлмеде жүреміз. Бұл жаттығу дене мүсінін (дене пішімін)тікейтіп, вестибулярлық аппаратты нығайтатын болады.

10

«Қарлығаш» жаттығуы

Тік тұрып, аяғымызды артқы қарай созып, оны барынша жоғары көтереміз. Қолымызды жан–жаққа жіберіп, тең салмақты сақтап, 30 секундтай тұрамыз. Осы жаттығуды жасай отырып,бұлшықеттерді және вестибулярлық аппаратты нығайтамыз.

11

«Велосипед» жаттығуы

Тегіс жазықтыққа жатып , аяғымызды көтеріп, велосипед айдағандай айналдырып, іштің прессін ,аяқтыңбұлшық еттерін және омыртқа бұлшықеттерін жаттықтырамыз.

Күн сайын осы гимнастиканыбалаңызбен бірге жасай отырып, оны интернетті пайдаланумүмкіндігінен айырмай, дене мүсінін қолдап отырыңыз.Айтпақшы, бұл жаттығулар сіз үшін де пайдалы болмақ!

Егер сіз бізбен ұсынылған ережелерді сақтап, дәруменді қабылдауды ұмытпайтын болсаңыз, өте жақсы болар еді. Мульти-табс® дәрумендік-минералды кешені әсіресе,Интернетсіз мүмкін болмайтын оқу жылының нағыз қызып тұрғаншағындажыл бойына баланың денсаулығынақамқор болады.

2018-KAZ-MUL-13-V.1.0