Skip to main content

МУЛЬТИ-ТАБС КЛАССИК ПЛЮС

№30, №90 Үлдірлі қабықшамен қапталған таблеткалар

МУЛЬТИ ТАБС КЛАССИК ПЛЮС
  • Денсаулықты және ағзаның энергетикалық алмасуын қолдауға арналған базалық дәрумендік-минералды кешен
  • Ересектерге арналған дәрумендер мен минералдарды тұтынудың физиологиялық нормаларына сәйкес келетін мөлшерде 13 дәрумендер және 8 минералды заттарды құрайды
  • Мульти-табс Классик Плюс құрамына кіретін Биотин мен К1 дәрумендері терінің, шаштың саулығын қолдайды, сондай-ақ сүйектердегі зат алмасуда маңызды рөл атқарады1,2
  • 18-ден жоғары жастағы ересектерге арналған

Кешен қандай жағдайларда ұсынылады:

(А, D3, Е, В1, В2, В6, В12, С, K1, биотиннің,пантотен қышқылының, ниациннің, фолий қышқылы) дәрумендерінің және минералды заттардың (магний, темір, мырыш, мыс, марганец, хром, селен және йод) көзі - тағамға қосатын биологиялық белсенді қоспа ретінде ұсынылады

Мульти-табс Классик Плюс кешенінің құрамындағы дәрумендер мен минералды заттар келесі аталғандарға септігін тигізеді2:

  • ағзаның дәрумендерге деген адекваттық қажеттілігін қанағаттандыруға
  • күш-қуат пен денсаулықты күнделікті қолдап отыруға
  • ағзаның энергетикалық алмасуын қолдап отыруға
icon important classic

ТЕҢГЕРІМСІЗ ТҮРДЕ ТАМАҚТАНЫП ЖҮРГЕНДЕ ДӘРУМЕНДЕР МЕН МИНЕРАЛДЫ ЗАТТАРДЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ ОРЫН АЛУЫ МҮМКІН3.4:

  • БІРДЕ-БІР ӨНІМ БАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІ БОЛАТЫН ҚҰНАРЛЫ ЗАТТАРДЫҢ ТОЛЫҚ ЖИНАҒЫН ҚҰРАМАЙДЫ
  • В ТОБЫНЫҢ КЕЙБІР ДӘРУМЕНДЕРІНІҢ НЕГІЗГІ КӨЗІ БОЛАТЫН ЖАРМАЛАР ҚАНША ДЕГЕНМЕН РАЦИОНҒА СИРЕК КІРЕДІ
  • ДИЕТАЛЫҚ ЖӘНЕ ВЕГЕТАРИАНДЫҚ АС МӘЗІРІ АҚУЫЗДАРДЫҢ, МАЙЛАРДЫҢ ЖӘНЕ КӨМІРСУЛАРДЫҢ АҒЗАҒА ӘРДАЙЫМ ТИІМДІ ТҮСУІН ҚОЛДАМАЙДЫ
  • ЖЕМІСТЕР ДӘРУМЕНДЕРДІҢ ЖАН-ЖАҚТЫ КӨЗІ БОЛМАЙДЫ – ОЛАР ӘДЕТТЕ С ДӘРУМЕНІНІҢ КӨЗІ БОЛАДЫ
  • ҰННАН ЖАСАЛҒАН ӨНІМДЕР МЕН КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕР – ҚАНТТЫҢ, ТОҢ МАЙДЫҢ, ҚОСПАЛАРДЫҢ, БОЯҒЫШ ЗАТТАР МЕН КОНСЕРВАНТТАРДЫҢ КӨЗІ БОЛАДЫ
img classic 2
img classic
  • Ересектерге тамақ қабылдау кезінде күніне 1 таблеткадан
  • Қабылдау ұзақтығы – 1 ай

қаптамасында 30 таблетка
қаптамасында 90 таблетка

Компоненттерді көтере алмаушылық.
Қабылдау алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Жүктілік және сүт шығу кезінде қабылдау алдында дәр ігермен кеңесу қажет.

1. Панкратова Ю.В. К дәрумені - тәуелді ақуыздар: остеокальцин, матрикстік Gla-ақуыз және олардың сүйектен тыс эффектілері. СЕМІРУ ЖӘНЕ МЕТАБОЛИЗМ 2, 2013. бет. 11-18.

2. Смирнов В.А., Климочкин Ю.Н. Дәрумендер мен коферменттер: оқу құралы Б. 2 / В.А. Смирнов, Ю.Н. Климочкин. – Самара: Самар. мем. техн. ун-т. 2014. – 91 б.

3. Коденцова В. М., Громова О. А., Макарова С. Г. Балаларды тамақтандырудағы микронутриенттер және дәрумендік-минералды кешендерді қолдану. Педиатриялық фармакология. 2015; 12 (5): 537–542. doi: 10.15690/pf.v12i5.1455.

4. В.М. Коденцова, О.А. Вржесинская, В.Б. Спиричев, Л.Н. Шатнюк. Тамақ өнімдерін дәрумендермен және минералды заттармен байыту деңгейіннегіздеу. Тамақтандыру мәселелері. 79 Том, № 1, 2010.

17.02.2017жылғы Мем. Тіркеу туралы куәлігінің №RU.77.99.88.003.E.000799.02.17

Пайдалану алдында дәрігермен кеңесіп алу ұсынылады

2018-KAZ-MUL-13-V.1.0