Skip to main content
banner 12

Я расту!

Барлығы бала ағзасының белсендi ecyi кезiндегi ерекшелiктерi туралы

ЕР БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫҚЫЗ БАЛАЛАРДАН АЛАСА. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ.

ЕР БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫҚЫЗ БАЛАЛАРДАН АЛАСА. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ.

6-7 сыныптарда ер балалардың бойларықұрдас қыздарға қарағанда төмен болатынытаң емес.Бұл әрине сыртынан қызықты болып көрінгенімен,ер балалар үшін күлкілі болмайды. Олар қыздарға ұнағысы келіп, достарының ішінде ерекшеленіп, күшті болып көрінуге тырысады. Несі бар, айып емес, бірақбұл әлі уақыттың еншісінде! Аләзіргебіз осы құбылыстың себебі неде екенін түсініп көрейік.

Аләзірге біз осы құбылыстың себебі неде екенін түсініп көрейік.

Әдетте, ер баланың бойытуған кездеқыз баланың бойынан 2 см артық болатынынақарамастан, ересек болған кезде бұл айырмашылық орташа 14 см -ге дейін артады. Ер балалар он бір жасқа толған кезде неге қыз балаларданаласа болады?

Барлық мәселепубертатты кезеңде немесежыныстық гармондардың әсерімен бойдың бірден өсуімен ерекшелентін жыныстық жетілу кезеңінде болып тұр.Қыздарда аталған кезең ер балаларға қарағанда сәл ертеректеу 10-12 жаста басталады. Тура осы жаста аналық жыныс безінде эстргендер деп аталатын әйелдердің жыныс гармондары өне бастайды. Соның әсерімен қыздардың кеудесі өсіп, фигурасы әйелдік нәзік сипатқа ие болып, алғаш етеккірі пайда бола бастайды.Жасөспірім кезіндеқаңқаның қалыптасуы жалғаса түседі. Сол кезден бастап қыздар белсенді өседі және бұл 17-19 жасқа дейін жалғасады.

Енді, ер балаларға келетін болсақ, олардыңқалыптасуында барлығы басқаша орналасқан. Олардың гормоны тестостерон деп аталады және ол енектермен ерекшеленіп, сыртқы жыныс ағзаларының дамуына,бұлшықет массасының арттыруына және сүйектердіңөсуіне себеп болады. Осылайша, бала жасөспірімге айналады. Иіқ сүйектері кеңейе түсіп, бұлшықеттері белсенді дамып, дауысы өзгеріп, бойы қарқынды өсе бастайды.Алайда бұл кезең орташа 13 жастан бастап басталады, сондықтан, балалардың 10-12 жасында сыныптас қыздардан бойларының аласа болыпкөрінетіні осыдан. Десек те, бір жылдан кейін бәрі күрт өзгереді. Олар айтарлықтайтез өсіп, бұл әсіресе, бір жазда өсіп кеткен балалардың бойынан байқалады. Сондықтан «ер балалар бойының қыздардан аласаболуы» – уақытша және заңды құбылыс болып табылады.

Дегенмен, ата-аналар да, жасөспірімдер де өскен кезде қандай болатынын білгісі келеді.

Үлкен бойды есептеп, шамалау үшін көптеген формулалар бар. Төменде ресей медицина қызметкерлерімен ұсынылған бір мысалды көрсетейік.

42

Формуладан бойдың көбіне тұқымға байланысты болатынын көруге болады.Бірақ климат, өмір салты, тамақтану т.с.с бойға қатты ықпал ететін басқа да көптеген факторлар болады. Сондықтан баланың ақырғы өсу бойы ± 8 см шегінде ауытқуы мүмкін.

Мысалға , атақты отбасыларды негізге ала отырып, осы есептердің дәлдігін бағалауға болады!

Ұлыбритания королінің отбасында Уильям ханзаданың бойы 191 см болса,оны інісі Гарри ханзаданың бойы – 189 см құрайды.

Ата–аналарының бойларын есепке ала отырып, осы сандарды тексеріп көрейік: 180 см (ханзада Чарльз) және 178 см (ханшайым Диана).

Біздің формула бойынша ханзалардың бойлары былайша болуы керек 185,25 ±8 см, яғни 177 см–ден193 см–ге дейін). Бұл есептеулердің нәтижелері ұсынылған диапазонға сәйкес келеді дегенді білдіреді.

Өсуді болжаудың бұдан да басқа дәлтәсілдері бар. Мысалы, қолдың рентгенограммасы арқылы білуге болады. Саусақ сүйектері мен білектердің белгілі жерлерінің қаншалықты ашық болуына қарай баланың кейінгі өсуін болжалдауға болады. Егер бұл қажет болатын болса, физикалық жаттығулар , дұрыс тамақтану және зат алмасу мен сүйек тінінің өсуін себепші болатын дәрумендік кешендер арқылы бойдың өсуіне ықпал ете алатын болады. Физикалық дамудың сапасы, оның ішінде бой ата–аналармен және нормадан ауытқушылықты туындатқан патологияларды дер кезінде анықтау және емдеу үшін дәрігерлермен бақылануы тиіс екені сөзсіз.

Бойдың денсаулықтыңбір көрсеткіші екенін есте сақтаған жөн. Сол үшін ата–аналарға балалардың қалай өсіп жатқанын бақылау маңызды болады. Міне, сондықтанбір кездері ұлдардыңбойы қыздардың бойынан аласа болады? деген сұрақ маңызды болады.

2018-KAZ-MUL-13-V.1.0