БАЛАНЫҢ КИІМІ ТАРЫЛДЫ. АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН СӘНДІ КЕҢЕСТЕР.
Киімдердің тозып үлгірмегеніне қарамастан балалар тез өсіп жатады. Әжептәуір ползункилер, бодилер, пижамалар мұрагерлікпен кіші інілері менсіңілдерге өтеді немесе достар мен таныстардың балаларына таратылады. Алайда,көп адамдар, балалардың сүйікті киімдерін сәл өзгертсе ұзағырақ пайдалануға болатынытуралы ойланбайды.
Сонымен, өзімізді дизайнер ретінде сезініп,балаға кішкентай болып қалған киімді сәндіжәне жайлы етіп көруге тырысайық!

Боди–шорт
Егер жеңдерінқысқартып, жабық шалбарларды кесіп тастайтын болсаңыз, емшектегі балаға арналған пижама-комбинизонұзағырақ пайдаланылатын болады.

Бодиден жасалған фуктболка
Бодидің төменгі жағын кесіп тастайтын болсаңыз, ол толыққанды футболка болып шыға келеді.

Бэби–бридж
Егер балалардың джинсиы қысқарып қалған болса, оларды сәлкесіп, қайыруға болады. Онда шалбарлар қызық шортыларға айналады.

Сарафан әлде кеудеше?
Егер қызыңызғасарафан сыймай қалған болса, қорқынышты еңтеңе жоқ! Оданджинсимен немесе шортымен киюге болатын тамаша кеудеше шығаруға болады. Тіпті онықайта өзгертіп тігудің де қажеті болмайды.

Ғажап белдемше
Үлпілдеген мақтадан тігілген белдемшеніңөте қысқа болып қалатыны өкінішті, әрине. Алайда, онымен қош айтысудың қажеті жоқ! Сіз оны тігуге арналған лентамен ұзарта аласыз. Сол кезде қызыңызға арналған фольклорлық белдемше пайда болады.

Спорттық сән
Баланың футболкасы қысқарып қалса, одан құтылу үшінлақтыра салудың қажеті жоқ. Тесьманың немесе шілтердің кесігін алып, жаңа модельдіжасаңыз! Егер футболкаға белдемшені жалғап тігетін болсаңыз, қыздарға арналған сәнді спорттық көйлек шыға келеді.
2018-KAZ-MUL-13-V.1.0