Skip to main content

МУЛЬТИ–ТАБС БРЕНДІСІНІҢ ТАРИХЫ

Отбасыдағы әр адам үшін Мульти-табстың өз дәрумендері бар!

Алғашқы Мульти-табс дәрумендері осыдан 50 жыл бұрын Данияда әзірленген және 1970-ші жылдары Мульти-табс Скандинавия елдерінде нарық көшбасшысы болған.

1990-шы жылдары Мульти-табс жаңа нарықтарды жаулай бастады. Балаларға арналған дәмді шайнайтынтаблеткалардың бірегей технологиясы әзірленіп, көптеген еуропалық нарықтарда, соның ішінде Ресейде табысты қамтамасыз еткен балаларға арналған Мульти-табс дәрумендері жасалып шығарылды.

Мульти-табс Ресейде 1996 жылы пайда болдыжәне 20 жыл бойы «балаларға арналған дәрумендер» сегментінде №1 және дәрумендер сегментінде №3 озат позицияларға ие болып, отандық нарықта сәтті пайдаланылып келді:

Мульти-табс дәрумендері заманауи адамдардың иммунитетті сақтау, жүктіліктің дұрыс өтуіне қамқор болу, қолайсыз экологиялық жағдайларда, күйзелу жағдайларында денсаулықты нығайту, балалардың денсаулығын сақтау т.с.с .жеке қажеттіліктерді ескерумен әзірленді.

Мульти-табс өмірдің алғашқы күндерінен бастап денсаулыққа қамқор болу үшін дәруменді-минералды кешендердің кең спектрін ұсынады.

Ресейде және басқа елдерде клиникалық және ғылыми тәжірибелер бар; Мульти-табс дәрі-дәрмектері препараттарының тиімділігі бойынша посттіркеу маркетингтік зерттеулерініңнәтижелерімедициналық баспасөзде жарияланған және Париждегі Нутрициология және гастроэнтерология бойынша конгрессте (2004) ұсынылған.

Мульти-табс дәрумендерінің теңгерімделген құрамы Еуропалық Фармакопеяның талаптарына, сондай-ақ , 022/2011*Кеден одағының «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері»КО ТР-не және Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын Бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық-гигиеналық талаптарға сәйкес тәуліктік тұтынудың ұсынылған деңгейлеріне сәйкес келеді.

Мульти-табс – бұл әртүрлі жастағы және санаттардағы адамдардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес ағзаны дәрумендермен, минералдармен және белсенді заттармен «қамсыздандыратын жүйе» болып табылады.

*Осы ақпарат «Ипсос Комкон» ЖШҚ жүргізген зерттеулеріне негізделген және 2016 жылдың Қараша айындағы жағдай бойынша жарамды болады».

2018-KAZ-MUL-13-V.1.0